«Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген):
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Туысы, өгей әкесі (өгей шешесі) түріндегі көрсетілетін қызметті алушы жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде көрсетілетін қызметті берушіге «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат береді.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Құжаттарды қараудың, баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге берудің және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындаудың жалпы мерзімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 10 (он) жұмыс күнін құрайды.